Меню KDT
МЕНЮ

Новости
 

Бидайық орта мектебінің кітапханасында кітаптар көрмесі ұйымдастырылды.

       Бидайық орта мектебінің кітапханасында кітаптар көрмесі ұйымдастырылды. Сонымен қатар даярлық және 1-ші сынып оқушылары кітапханаға саяхат жасады. Оқушылар көрмеде әртүрлі кітаптарға шолу жасап, оқуға деген сүйіспеншілігі, қызығушылықтары оянды.
       Лев Толстой: "Жақсы кітап оқу – ақылды адаммен сырласқанмен бірдей" – деген екен. Жалпы айтқанда, кітап – досың да, ақылшың да бола білмек. Ол – құмарлық, адамды тәрбиелей білетін құрал. Бүгінгі таңда кітаптың, кітап оқудың барлық жағынан пайдасын көріп отырмыз. Ал осы үшін адамзат баласының кітапқа деген сүйіспеншілігі мен оған қарыздары қанша?! Орыс халқының ұлы жазушысы М. Горький айтқан сөзі еске еріксіз оралады. Ол айтады: «Мен бойымдағы барлық жақсылығым үшін кітапқа қарыздармын» деп. Ендеше, өмірлік азық етуде қолға кітап алу қай кезде де кеш емес. Әсіресе бүгінгі жастарымыз, білімқұмар азаматтарымыз үшін берік қалқан. Кітап оқу арқылы өзіңді де өзгені де тәрбиелейсің. Ол біз үшін өлшеусіз ақыл қосатын әрі көшбасшылық қасиетті арттыратын ұстазымыз.
Сөзімнің салмағы болса, естір құлаққа есті сөз айттым деп білемін. Заманына қарай адамы. Іздегеннің алдынан іздемей-ақ табылары да анық. Ендеше, жатып, жастана оқыр жастарымыз көбейсін. Еліміздің еңсесін көтерер есті азаматтарымыз тарихымызды танып, тіліміз бен дінімізді қасиет тұтса екен демекшімін. Тамырымызды тауып, қадірімізді арттыратын да кітап болмақ. Ендеше, жан азығымызды тек кітаптан іздейік!






Просмотров: 360

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Директор КГУ "Бидаикская средняя школа" Уалихановского района Северо- Казахстанской области Карымжанова Раиса Мухаметкалиевна

DARMEN

Информация для педагогов и родителей

Мы в Facebook

KUNDELIK.KZ

Опрос

В чем, на Ваш взгляд, заключается готовность ребёнка к школе?

Голосовать

Статистика

  • За месяц13
  • За неделю5
  • Вчера0
  • Сегодня2
  • Онлайн:0

 
Наш адрес: Погода: Контакты:
                
           
Яндекс.Погода      




 

     
Полезные ссылки