Меню KDT
МЕНЮ

Баланы мектепте қалай қолдауға болады?

Әрбір ата-ана үшін баласының мектепте жақсы оқығаны маңызды екені мәлім. Кез келген ата-ана келіседі, мектепте жақсы оқу – бұл тек қана жақсы бағалар емес, сонымен қатар баланың көңіл-күй жағдайы, оның мектеп айналасындағылармен жағымды қарым-қатынасы, және де оқушының мектептегі зейін әлеуітінің жүзеге асуы мен дамуы. Оқудағы бағалар мен оқушы туралы пікір ата-анасына баласы мектепте жақсы оқып жүр деген дұрыс баға беруге болмайды. Сондықтан да өз баласына жаны ашитын ата-аналар үшін маңызды ұсыныстырдың бірі, мұғалімдермен қарым-қатынас жасу.

Ата-аналардың педагогтармен қарым-қатынасы – бұл:

  1. Ата-ананың талабы мектеп талабымен сәйкес келуі. Яғни, ата-аналар мектепте орнатылған ережелер мен қағидаларды сақтауын талап ету керек. Солардың ішінде кез келген жастағы оқушыларға арнайы ережелер де бар:

-          себепсіз кешігулер мен сабақты босату;

-          мектептің талабын сақтау, тіпті балаға ұнамаса да (кезекшілік, мектеп формасы, күн тәртібі);

-          бала өміріндегі маңыздылық ата-ананың мектепке деген қарым-қатынасы;

-          бірінші қатарда бағаларды талап етпеңіз, оқу материалын қаншалықты түсінгенін талап етіңіз;

-          сыныптан тыс жұмыстар үшін көтермелеп қою.

Мектептегі тыйымдар (темекі шегуге, ішімдік ішуге, тәртіптегі агрессиялар) үйде де қадағалануы қажет.

  1. Ата-аналардың пән мұғалімдерімен қарым-қатынасы. Балаңызды оқытып жатқан мұғаліммен әңгімелескен кезде, мұғалімге сіз үшін маңызды сұрақтарды қоюыңызға тырысып көріңіз. Жалпы мынадай сұрақтар болуы мүмкін:

-          Менің баламның жұмысын сабақта қалай бағалайсыз?

-          Қандай ұсыныстарды беруші едіңіз? Балама немен көмектесе аламын?

-          Сіздің баламмен жұмыс жасау кезінде қандай қиыншылықтар кездеседі?

Ұстаздың оқушы туралы айтылған пікіріне психологтің пікірін де қоса айтқан дұрыс.

Психологтің ортақ кеңесі келесі сұрақтардың сарабын болжайды:

-          Қазіргі уақытта менің балам мектепке бейімделген бе?

-          Менің балама психологтің көмегі қажет пе?

-          Баланың қандай жеке-психологиялық ерекшеліктерін ескеруім керек?

  1. Егер мұғалім мен бала арасында шатақ болса:

-          Балаға тілектестікті және оның мәселесінің елеулі екенін көрсетіңіз;

-          Баламен бірлесе отырып шатақтың неден шыққаның талдап көріңіз,

-          Бұл мұғалім беретін сабағын жақсы меңгеруге көмектесіңіз;

-          Жеке педагогпен кездесіңіз, оның баланың үлгерімі мен тәртібіне қойған даттарын талқылаңыз;

-          Педагогтың пікірін ескеруге тырысып көріңіз;

Баланың көзінше ешқашанда мұғалімді сынамаңыз. Тіпті егер де мұғалімнің балаға деген әрекеті бұрыс болса да, себебі баланың көзінше сынасаңыз, бала мұғалімді жек көріп кетуі мүмкін. Басқа да мұғалімдер жайлы осындай пікір қалыптасуы абзал. Егер Сізде тәрбие, бала оқытуда, өзара қарым-қатынас жасаудамәселелер туындаса, бірінші кезекте Сізге көмекке клетіндер – мектеп мұғалімдері, бала игілігі қаншалықты Сізге маңызда болса, оларға да соншалықты маңызды.  

Солтүстік- Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы КММ "Бидайық орта мектебі" директоры: Карымжанова Раиса Мухаметкалиқызы

Расписание занятии

Опрос

Статистика

  • Осы айда49
  • Осы аптада7
  • Кеше1
  • Бүгін0
  • Желіде:0

 


Полезные ссылки